Архив событий

07/07/2016

Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс өтті

07/07/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен кезекті жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырыстың жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның өкілдері қатысты.

Ақтөбе қалалық соты «С» АҚ өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні рәсімдеуді міндеттеді және зардап шегушінің пайдасына миллион теңгеден артық сома өндірді

07/07/2016

Ақтөбе қалалық соты талапкер А.-нің жауапкер “C” АҚ-нан еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы зерттеудің актісін даулау, денсаулыққа зиян келтірілуіне байланысты моральдық залалды ақша сомасымен өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Сот талқылауының барысында талапкер “C” АҚ-да вахталық әдіспен химиялық анализ лаборанты лауазымында қызмет атқарғандығы анықталды.

Шығыс Қазақстан облысында «дөңгелек үстелде» бітімгершілік рәсімдерін насихаттау мәселелері қаралды

07/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  Досжан Әміров Аягөз қаласы әкімдігінде «Жаңа АПК: Бітістіру рәсімдерін насихаттау және оларды азаматтық, қылмыстық сот өндірісінде қолдануды енгізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Алматы облысы соттарының БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші-судьялары семинар-тренингке қатысты

07/07/2016

Облыстық сот төрағасы Мейрамбек Таймерденовтың қолдауымен Алматы облыстық соты Қарасай аудандық сотының ғимаратында алғаш рет республика облыстарының арасында БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші-судьяларға арналған «Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысына тілші  Полина Шиманская мен психолог Регина Ларионшина қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда соттың рөлі талқыланды

07/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Кәсіпкерлердің құқықтарын сот арқылы қорғау. Тиімділігі. Проблемалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына судьялар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медиаторлар, адвокаттар, сот орындаушылары, Кәсіпкерлер палатасының, прокуратураның, әділет өкілдері, сонымен бірге кәсіпкерлері қатысты.

Іс-шараның өзектілігі кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда заңның және сот төрелігінің маңызы мен рөліне байланысты.

Ақмола облысында сот жергілікті бюджеттің пайдасына негізсіз төленген үстемақы сомасын төлеу туралы талап-арызды қанағаттандырды

07/07/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Атбасар ауданаралық түберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынынан негізсіз төленген үстемақы сомасын бюджетке қайтару туралы Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының талап арызы бойынша азаматтық істі  қарады.

Сотта 2013 және 2014 жылдарда кәсіпорынның дәрігер емес, медицина қызметкерлеріне жатпайтын, санитары емес кейбір жұмыскерлеріне үнемделген ақша есебінен жұмыс жағдай үшін үстемақы төленіп отырған.