Ақмола облысында сот жергілікті бюджеттің пайдасына негізсіз төленген үстемақы сомасын төлеу туралы талап-арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Атбасар ауданаралық түберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынынан негізсіз төленген үстемақы сомасын бюджетке қайтару туралы Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының талап арызы бойынша азаматтық істі  қарады.

Сотта 2013 және 2014 жылдарда кәсіпорынның дәрігер емес, медицина қызметкерлеріне жатпайтын, санитары емес кейбір жұмыскерлеріне үнемделген ақша есебінен жұмыс жағдай үшін үстемақы төленіп отырған.

Сот шешімімен «Атбасар ауданаралық түберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынынан негізсіз төленген үстемақы сомасын бюджетке қайтару туралы Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының талап арызы қанағаттандырылды.

«Атбасар ауданаралық түберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынынан жергілікті бюджеттің пайдасына 2013 және 2014 жылдары негізсіз төленген үстемақы сомасы қайтарылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі