сот шешімі

Павлодарда сот 40 медиациялық келісім жасап, қылмыстық істі қысқартты

30/05/2017

Ақтоғай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты, яғни ірі қара малды иемденіп, талан-таражға салып, жәбірленушілерге 21 390 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірген азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жылқышы болып жұмыс істеген сотталушы 2015 жылғы мамырдан бастап 2016 жылғы тамыз аралығында 142 жылқы б ұрлап, оларды басқа адамдарға өткізген.

Қостанайда сот балалар үйі тәрбиеленушісінің құқығын қайта қалпына келтірді

26/05/2017

Қостанайдың 21 жастағы тұрғыны Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай облыстық балалар үйі» ҚММ-не арызымен сотқа жүгінді. Азаматша өз шағымында өкілетті органның оны ата-ананың қарауынсыз қалған бала ретінде есепке алу бойынша әрекетсіздігін заңсыз деп тануды және бұзылған құқығын қалпына келтіруді сұраған.

Ақтауда сот Банктен негізсіз екі миллион теңгеден астам ұсталған комиссияны өндірді

19/05/2017

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотына талапкер Д. Банкке несие шартының 4.3-тармағын жарамсыз деп тану, ақша сомасын және сот шығынын өндіру туралы шағым түсірді.

Сотта анықталғандай, жауапкермен несие беру қызметі үшін комиссия негізсіз ұсталған.

Қостанай облыстық соты медиация жүргізу нәтижесінде банктік несие бойынша қарызды 21 миллион теңге төмендетті

19/05/2017

Қостанай облыстық сотына Банк азаматша Н-ға банктік несие беру туралы екі келісім-шарт негізінде 37 870 656 теңге қарызын өтеу туралы шағымымен жүгінді. Несие доллар түрінде алынған. Азаматшаның негізгі қарызы 16 млн. теңгені құраған, ал 21 млн. теңге қарызды уақытылы төлемегендіктен қосылған үстемақы соммасы.

Жауапкер науқастануына байланысты сот отырысына келе алмады: ол Ресей Федерациясында ем қабылдауда екен. Сотқа оның өкілі ретінде қызы қатысты. Екі несиені де қаржылық қиындықтар салдарынан төлеуді тоқтатқан.

Оралда «дөңгелек үстел» қатысушылары сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты дауларды қарау тәжірибесі талқыланды

12/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты даулар бойынша облыс соттарының азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

Шараға судьялар, прокуратура және «Сентрас Иншуранс", "Халық Казахинстрах", "Казкоммерц-Полис", "Цесна Гарант" және "Аско" сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты

Ақмола облысында сот пен БАҚ «Заң және қоғам» басылымының шығаруын ұйымдастырдыиздание «Закон и общество»

11/05/2017

Целиноград аудандық соты «Ақмола Жаршысы» аудандық газетімен бірлесіп «Заң және қоғам» айдарымен қосымша басылым бетін ұйымдастырды.

Аталған басылым азаматтардың құқықтық сауатын дамыту және сот жүйесінің қызметі туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз етуге аудан тұрғындары үшін ай сайын басылып шығарылады. Басылымда заңнамалардағы жаңа өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, құқықты қолдану, сот залынан ақпарат, сонымен қатар азаматтарға сотқа жүгіну үшін қажетті ақпарат пен судьялардың мақалалары жарияланады.

Оралда сот өтемақы ретінде 6 миллион теңге моралдық залалды төлеуге міндеттеді

10/05/2017

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық соты моральдық залал ретінде 6 миллион теңге өтемақыны өндірді.

Сотта анықталғандай, отағасы азамат М. ЖШС-да вагондарды жүктен босату жөнінде жұмысшы болып істеген.  Тасқала ауылының теміржол тұйығында  вагондарды  қиыршықтастан босату жұмыстарын жүргізу кезде, вагоннан құлап, өндірістік жарақат алып, ауруханада қайтыс болған.

Оралда сот сегіз жүз миллионнан астам теңгені өндіру туралы талапты медиация рәсімі шеңберінде қысқартты

03/05/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның "Жайықжылуқуат" АҚ-нан келісім-шарты бойынша тұтынылған газ үшін 821 539 525 теңге берешекті және 5 091 618 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Павлодар облыстық сотында заңды тұлғалар арасында медиациялық келісім бекітілді

27/04/2017

Павлодар облысының азаматтық істер бойынша сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен «KazBuildTrade» ЖШС-нің «Торговый Дом промышленного оборудования» ЖШС-не айпақы және қарызды өндіріп алу туралы істі қарап, іс бойынша сот ісін жүргізуді медиация тәртібінде қысқартты.

Аталған іс бойынша Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес, жауапкерден талапкердің пайдасына 7 506 764 теңге мөлшерінде қарыз өндіріп алынды.  

Беттер