Архив событий

11/07/2016

Атырау облыстық соты тараптар арасында медиативтік келісім жасай отырып, азаматтық істі өндірістен қысқартты

11/07/2016

Атырау облыстық соты талап қоюшы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жауапкер Ә.Исатаевқа Өзен-Атырау-Самара магистральдық мұнай өткізу жолының қорғау аймағының 764 километрінің аумағында орналасқан құрылысты өз есебінен бұзу туралы азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Азаматтық істің қысқартылуына тараптардың алқа құрамындағы бір судьяның қатысуымен жасалған медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішхаты негіз болды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында судьялардың Мәжіліс депутаты Е.Козловпен кездесуі өтті

11/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында судьялардың Мәжіліс депутаты Евгений Козловпен кездесуі өтті.

Депутат Е.Козлов өз сөзінде, судьялармен бірлескен жұмыс барысында алған үлкен тәжірибесі мен білімін, ол заң шығару қызметіне пайдаланатындығын, сондай-ақ ол ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жұмыс тобының жетекшісі болып табылатынын атап өтті.

Қостанай облыстық соты мен облыс әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11/07/2016

Облыс әкімдігінің ғимаратында Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арасында өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, сонымен қатар облыстық соттың судьялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты ЖШС-мен азаматшаның арасындағы дауды қарап, татуласу келісімін бекітті

11/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Петропавл қаласының № 2 сотының шешіміне жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен соманы өндіріп алу туралы «Ломбард Vostok-cars» ЖШС-нің О.Тепловаға талап қою арызы жөніндегі азаматтық іс қаралды.

Апелляциялық сатыдағы сотта дауды татуластыру рәсімі тәртібімен реттеу құқығы тараптарға түсіндірілген соң, тараптардың өкілдері олардың арасында жасалған татуласу келісімін бекітуді сұрады.

Әскери сотта 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысы қорытындыланды

11/07/2016

Әскери сотта 2016 жылдың бірінші жартыдылдығында әскери соттар сот төрелігін қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес болып өтті.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Әскери соттың төрағасы С.Абдуллаев, әскери сот судьялары, Соттар әкімшісінің басшысы қатысты.

Кеңейтілген кеңес шеңберінде Әскери соттың алқа төрағалары Әуезнұр Қаженов пен Жандос Мұсабекұлының баяндамалары тыңдалды. 

Павлодар облыстық соты медиатордың коммуникативтік дағдылары бойынша семинар-тренинг өткізді

11/07/2016

Павлодар облыстық соты судьялардың, Қазақстан медиаторларының ассоциациясының бас директоры, Халықаралық құқықтық қорғау орталығының басшысы Жанділдә Жақыповтың, медиаторлардың және «Қоғамдық келісім» РММ өкілдерінің қатысуымен «Медиация рәсімдері және дауларды шешудегі медиатордың құралдары» тақырыбында семинар өтті.

Оралда жер заңнамасын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

11/07/2016

Судьялар, Орал қаласы әкімдігінің, Орал қаласының жер қатынастары бөлімі, Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Жер заңнамасын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараны ашқан азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев талқыланып отырған тақырыптың бүкіл қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.