Архив событий

15/07/2016

Жамбыл облыстық сотының судьялары сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша журналистерге арналған брифинг өткізді

15/07/2016

Жамбыл облыстық соты Орталық комуникациялар қызметі Жамбыл облыстық филиалында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нурмухаммат Абидов, облыстық сот судьялары Мейірхан Атибеков пен Ардақ Әкетаев 2016 жылдың 1 жартыжылдығында облыс соттарының жұмыс қорытындысы бойынша хабардар етті.

Н.Абидов: 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарына қарау үшін 1108 қылмыстық іс түсті. Соның ішінде 774 қылмыстық іс бойынша 879 тұлғаға қатысты үкім шығарылды, 140 қылмыстық іс 181 тұлғаға қатысты қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы 2016 жылдың 6 айында облыс соттарының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

15/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік  Шәріпов Орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында баспасөз конференциясын өткізді.

Журналистердің сұрақтарына қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқаларының төрағалары да жауап берді.

Шығыс Қазақстан облысының соттары 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

15/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында өткен кеңейтілген кеңесте 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша соттардың жұмысы  қорытындыланды.

Кеңеске Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, облыс судьялары қатысты.

Қызылорда облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысы қорытындыланды

15/07/2016

Қызылорда облыстық сотында 2016 жылдың  бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін іске асырудың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот судьясы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков, облыс судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Н.Қайырбеков өз баяндамасында облыс соттары жұмыстарының негізгі статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.

Атырау облыстық соты облыс соттарының жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

15/07/2016

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаев, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиева, Соттар әкімшісінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева БАҚ өкілдеріне 2016 жылдың 1 жатыжылдығында облыс соттарымен сот төрелігінің атқарылу қорытындысы туралы айтып берді.

Қарағанды облыстық соты өткен жартыжылдықтың жұмысын қорытындылады

15/07/2016

Қарағанды облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын сот төрелігін іске асыру жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, облыстық судьялары қатысты.

Ақмола облысында судьялардың кәсіби білім деңгейін жетілдіру бойынша тренинг өз жұмысын қорытындылады

15/07/2016

Ақмола облысы Бурабай кентінде Жоғарғы Сот пен «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еуропалық Одағы жобасымен өткізілген судьяларға арналған тренинг өз жұмысын аяқтады.

Екі күн бойы республиканың облыстық және оларға теңестірілген соттарының судьялары кәсіби білім беру жөніндегі халықаралық сарапшылар Томас Паттерсон мен Стивен МакКракенмен кәсіби оқыту бойынша білім алмасты. Судьялар тренингтерде топтарға бөліне отырып, оқыту шеберлігіне, еуропалық стандарт бойынша білім берудің әдістеріне үйренді.