Архив событий

08/07/2016

Жоғары Соттынің судьялары Қазақстандағы сот төрелігін жетілдіру туралы семинарға қатысты

08/07/2016

Жоғары Сот судьялары Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы әділсотты жетілдіру» жобасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған тренингке қатысты.

Аталмыш жоба NI-CO халықаралық ұйымымен, Ұлыбритания Министрлігімен, Нидерланд пробация қызметімен және Сот жүйесі және мемлекеттік прокуратура ұлттық мектебімен (Польша) жүзеге асырылады.

Тренингтің негізгі мақсаты судьяларды белсенді топтарда сабақ беруде қажетті дағдыларға, ересек аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктеріне үйрету болды. 

Қостанай облысының судьялары бірінші жартыжылдықтың жұмысын қорытындылады

08/07/2016

Қостанай облыстық сотында 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес болды.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі және ӘБА төрағасы Әділ Құрықбаев, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыс судьялары, сот кеңсесінің басшылығы мен сот қызметкерлері қатысты.
Кеңесті ашқан облыстық соттың төрағасы А.Мерғалиев күн тәртібіндегі негізгі мәселелерін белгіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының соттары 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады

08/07/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен мамандары, облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары және кеңсе меңгерушілері қатысты.                                                     

Батыс Қазақстан облыстық соты 2016 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылады

08/07/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2016 жылдың 6 айындағы жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті. 

Кездесуде облыстық соттың төрағасы Бек Әметов соттардың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын, сегіз өлшемдер бойынша сот төрелігін атқару сапасының сот мониторингі - сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының біріне тоқталды.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жаңа аудандық сотының ғимараты салынады

08/07/2016

Мемлекет басшысы Судьялар одағының VI съезіндегі сөзінде  «Ұлттың жетілгендігінің XXI ғасырдағы аса маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот жүйесінің болуы», - деп нақты айтқан болатын.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевқа Мұнайлы ауданы халқы санының өсуіне байланысты, аудандық сот жүктемесіне сай, жаңа сот ғимараты қажет етентіндігі  туралы хат жолдаған болатын.

Мемлекеттік мереке - Астана күні қарсыңында аталған мәселе өз шешімін тапты. 

Атырау облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері қорытындыланды

08/07/2016

Атырау облыстық сотында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысы соттарының сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелерін қорытындылау үшін кеңейтілген кеңес өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Галия Ақ-куова қатысты.

Петропавлда полиция қызметкеріне қатысты күш қолданғаны үшін құқық бұзушы жазаланды

08/07/2016

Петропавл қалалық сотында ҚР ҚК-тің 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау бойынша Карен Унанянға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 19 наурызда К.Унанян «Reng Rover» маркалы автокөлігімен автожолдың жиегіне тоқтап, жаяу жүрушіге рұқсат етілмеген жолдан өткені анықталды.

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» өзара серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

08/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдық бірлестігі облыс соттарының қызметін насихаттау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған өзара серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды.

Ақтөбе облыстық соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді

08/07/2016

Ақтөбе облыстық сотында 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша облыс судьяларының кеңейтілген отырысы өтті.