Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жаңа аудандық сотының ғимараты салынады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысы Судьялар одағының VI съезіндегі сөзінде  «Ұлттың жетілгендігінің XXI ғасырдағы аса маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот жүйесінің болуы», - деп нақты айтқан болатын.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевқа Мұнайлы ауданы халқы санының өсуіне байланысты, аудандық сот жүктемесіне сай, жаңа сот ғимараты қажет етентіндігі  туралы хат жолдаған болатын.

Мемлекеттік мереке - Астана күні қарсыңында аталған мәселе өз шешімін тапты. 

2016 жылғы 5 шілдеде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары Шолпан Илмұханбетова, Сүйіндік Алдашев, Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Бауыржан Елемесов аудандық соты ғимаратын, орналасқан орнын аралап, оның сот төрелегін жүзеге асыру талабына сай еместігіне көз жеткізіп, бірауыздан жаңа сот ғимаратының құрлысын салу және оны бастау туралы шешімге келді.

Маңғыстау облысының әкімі сот ғимаратын салуға бөлінген 0,2 га жер теліміне сай типтік жобаға байланыстыру жұмыстары жасақталынып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, Мұнайлы аудандық сотына ғимарат салуға қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі