Маңғыстау облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға Ақтау қаласындағы ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің аға инспекторы А.Дүйсенғалиев, ІІБ ЖПҚ ЖППБ штаб басшысы Б.Хайруллин, ІІБ ЖПҚ ЖППБ командирлері, «Халық-қазақинстрах» Қазақстан Халық Банкі еншілес сақтандыру компаниясы АҚ Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Г.Адайбаева қатысты.

Іс-шара ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жол-көлік оқиғалары нәтижесінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында «Казахинстрах» сақтандыру компаниясының филиалына судьялардың электронды цифрлық қолтаңбаларымен куәләндірілген электронды түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсынуды қарастыратын пилоттық жобасының іске қосылуына байланысты өткізілді.

«Дөңгелек үстел» барысында Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Гауһар Метерқұлова бұл іс-шара электронды сот төрелігіне кезең-кезеңімен көшу жұмыстарының бірі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада сақтандыру полисінің нөмірі мен сақтандыру компаниясының атауын көрсететін бағананың енгізілу қажеттілігін полиция қызметкерлеріне түсіндірді.

Іс-шарада Маңғыстау облыстық сотының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Айсет Айдарбаева сақтандыру компанияларына арналған сот актілеріне қолжетімділік ңұсқаулығы бойынша сөз сөйледі.

Жиын соңында қатысушылар осы мәселе бойынша алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты арттыруға ниетті екендіктерін жеткізді.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі