Архив событий

26/08/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтады

26/08/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  басшылығы мен қызметкерлері,  отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Ақмола облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулылардың электронды түрдегі қаулыларды ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу мәселелерін талқылады

26/08/2016

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электронды түрдегі қаулыларды ұсынудың пилоттық жобасын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.

Маңғыстау облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқыланды

26/08/2016

Маңғыстау облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға Ақтау қаласындағы ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің аға инспекторы А.Дүйсенғалиев, ІІБ ЖПҚ ЖППБ штаб басшысы Б.Хайруллин, ІІБ ЖПҚ ЖППБ командирлері, «Халық-қазақинстрах» Қазақстан Халық Банкі еншілес сақтандыру компаниясы АҚ Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Г.Адайбаева қатысты.

«Егемен Қазақстан» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасының «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты мақаласы жарияланды

26/08/2016

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі нөмірінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты мақаласы жарияланды. Мақала ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ашылған «25 жылдың 25 сәті» атты арнайы айдар шеңберінде жарық көрді.

Автор мақалада тәуелсіз Қазақстан дамуындағы Конституцияның әлеуетін саралап, отандық сот жүйесінің даму үрдісі туралы келелі ойларымен бөліскен.