Архив событий

18/08/2016

Астана қаласы сотында «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті

18/08/2016

Астана қаласының соты «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізді.

"Дөңгелек үстел" жұмысына «Атамекен» кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ның, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің,  сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қарағанды облысында сот қоршаған ортаға зиян келтірілген мекемеден 8 миллион теңгені өндірді

18/08/2016

Мемлекеттік экологиялық инспекторымен жоспардан тыс Приозерск қаласының «Тұрмыстық-коммуналдық реформалау басқармасы» КМК-мен табиғат қорғау заңнамасын сақтау жөніндегі тексеріс өткізіліп, осыған орай тексеріс актісі жасалды. Тексеріс барысында табиғат қорғау заңнамасын сақтаудағы бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 69 бабы 1 тармақшасының бұзылуына Приозерск қаласының «Тұрмыстық-коммуналдық реформалау басқармасы» КМК-да қоршаған ортаға сарқынды суды ағызу бөлігінде эмиссия рұқсатнаманың болмауы.