Архив событий

15/08/2016

Бұрынғы әскери қызметшіге берілген қызметтік тұрғын үй заңсыз берілгендіктен тұрғын үйден шығарылды

15/08/2016

Шымкент гарнизоны әскери сотына талапкер Қазақстан Республикасының  Қорғаныс Министрлігі жауапкер И. және оның отбасы мүшелерін мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілген қызметтік пәтерден басқа тұрғын үй-жай берместен шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Соттың анықтағаны жауапкер И.-ға әскери бөлімдердің бірінде әскери қызмет атқару барысында Жамбыл аумақтық пайдалану бөлімінің балансында тұрған қызметтік пәтер берілген.

ШҚО судьялары сот жүйесінің ардагерін Ираида Лебедеваны 90-жылдық мерейтойымен құттықтады

15/08/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасының міндетін атқарушы Манат Комиршинов, Судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы Елдос Жұмақсанов, облыстық соттың судьясы – филиалдың хатшысы Мариямгуль Тоқышева тыл және сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Ираида Лебедеваны 90-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ираида Лебедева 1926 жылдың 14 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік заң институтын «Құқықтану»  мамандығы бойынша бітірген.