Архив событий

01/08/2016

Алматы қаласының соттарында ЭСҚ-ны азаматтардың алуына көмек көрсету туралы Меморандумға қол қойылды

01/08/2016

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі Б.Асанбеков және Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет» - коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры Д.Ахметов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды бекітті.

Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Департаменттің жаңа басшысын таныстырды

01/08/2016

Жоғары сотта Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы Абай Тоқсаба таныстырылды.

А.Тоқсаба 1960 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Жоғарғы Сотта Әкімшілік процестік кодекстің жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы болып өтті

01/08/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Әкімшілік процестік кодекстің жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының отырысын өткізді.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары мен Департаменттің жауапты қызметкерлері қатысты.

Алматы облыс әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралды

01/08/2016

Алматы облысы Текелі қалалық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-тің 366- бабы 1-бөлігіне сәйкес (жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғамен ақша түрiнде пара алуы) Текелі қалалық әкімінің орынбасары Б.Бельдебековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.