Алматы қаласының соттарында ЭСҚ-ны азаматтардың алуына көмек көрсету туралы Меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі Б.Асанбеков және Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет» - коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры Д.Ахметов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды бекітті.

Меморандум «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Судьялардың VI Съезінде жария етілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында, сот іс жүргізуінде жаңа инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану, сонымен қатар мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мақсатында бекітілді.

Тараптар сот жүйесінің «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру», «Сот құжаттарымен танысу», «Істерді  қарау тізімі», сот органдарының интернет-ресурсы электронды қызметтерді одан әрі дамыту арқылы «Сот  үстемдігін қамтамасыз ету» Ұлт жоспарының екінші институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша қазіргі заманғы сот төрелігі жүйесін жетілдіру жолымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. Осы саладағы ынтымақтастықты іске асыру үшін Алматы қаласының жергілікті соттарының ғимараттарында ХҚКО-ның маманы Алматы қаласының жергілікті соттарында электрондық талап арыз немесе басқа да арыздар мен өтініштерді «Сот кабинеті» сот жүйесінің қызметі арқылы тіркеу және жолдау үшін азаматтардың электрондық сандық қолтаңбаларды алуларына көмек көрсететін болады.

Инновациялық технологиялардың қолданылу аясын кеңейту үшін тараптар сот жүйесінің «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру», «Сот құжаттарымен танысу», «Істерді қарау тізімі» сот органдарының интернет-ресурсы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында ұсынылатын электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын өткізуде ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

Осы жаңалық Алмалы ауданының № 2 аудандық және Медеу аудандық соттарымен қатар, Әуэзов ауданының №2 аудандық, Бостандық аудандық және Наурызбай аудандық соттарында қол жетімді болады, 2016 жылдың маусым айынан бастап пилоттық жоба аясында «Сот кабинеті» қызметі арқылы азаматтарға талап арызды немесе өзге арыздарды тіркеу үшін электрондық-сандық қолтаңбаны беру басталды. Жуық арада бұл жоба Алматы қаласының барлық соттарында іске асырылатын болады.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі