жаңа технологиялар

Қырғызстан Жоғарғы Сотының өкілдері Қазақстанның электронды сот ісін жүргізудегі жетістіктерімен танысты

21/06/2017

Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ағымдағы жылғы 21-22 маусымда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаментінің делегациясы Қазақстанның жоғары сот органына келді.

Астананың әкімшілік сотында әкімшілік сот ісін жүргізудің оңтайландыру жобасы іске қосылды

29/08/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында әкімшілік істер бойынша қаулылардың электронды нұсқасын сақтандыру компанияларына ұсыну мәселелеріне қатысты баспасөз мәжілісі өтті.

Маңғыстау облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқыланды

26/08/2016

Маңғыстау облыстық сотында сақтандыру компанияларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электронды қаулыларын ұсыну мәселелері талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға Ақтау қаласындағы ІІБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің аға инспекторы А.Дүйсенғалиев, ІІБ ЖПҚ ЖППБ штаб басшысы Б.Хайруллин, ІІБ ЖПҚ ЖППБ командирлері, «Халық-қазақинстрах» Қазақстан Халық Банкі еншілес сақтандыру компаниясы АҚ Маңғыстау филиалы директорының орынбасары Г.Адайбаева қатысты.

Алматы қаласының соттарында ЭСҚ-ны азаматтардың алуына көмек көрсету туралы Меморандумға қол қойылды

01/08/2016

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі Б.Асанбеков және Алматы қаласы бойынша «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет» - коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры Д.Ахметов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды бекітті.

Павлодар облысының ауданаралық экономикалық соты сот құжаттарын беру механизмін барынша жеңілдетуді көздейді

27/05/2016

Озат ІТ-технологияларын енгізу  және іс жүргізуді жеңілдету мақсатында Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық сотында арнайы бұрыш ұйымдастырылған – «Сот кабинеті» онлайн қызметі арқылы талап арыздарды, арыздарды, қолдаухаттарды, өтініштерді жолдау үшін бөлек компьютер орнатылған.   

Соттың білікті маманы жүгінген адамдарды сервис қызметі мен оның мобильді нұсқасы туралы ақпараттандырады. Арызданушылардың электронды-санды қолы болған жағдайда өз бетінше қандай да бір құжатты жолдауға мүмкіндігі болады.

Sud.gov.kz cоттардың интернет-ресурстарын дамыту – халық игілігі үшін

29/02/2016

Бұзылған немесе дау тудырған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінетін азаматтар мен олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері үшін ыңғайлы жағдай жасау үшін Жоғарғы Сот тарапынан соттардың юрисдикциясын, соның ішінде аумақтық соттылығын анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

«Капитал» интернет-ресурсында Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.Испановтың электронды сот өндірісін енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы сұхбаты жарияланды

03/04/2015

Сұхбатта Департамент басшысы Ілияс Испанов сот төрелігін жүзеге асыру сапасына жаңа технологиялардың қалай әсер ететіндігі, олардың азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қаншалықты арттыратындығы, сот процесін қасақана созуға тырысушылармен күрестегі ақпараттық технологияның рөлі туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы Латвия мен Австрияның астанасына жұмыс сапарымен барып қайтты

15/12/2014

Сот жұмысына жаңа технологиялар мен менеджментті енгізу жөніндегі шетелдік тәжірибені зерделеу жоспарын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 8-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы Латвия мен Австрияның астанасында жұмыс сапарымен барып қайтты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңа технологияларды сот жүйесінде қолдану жөніндегі оқыту семинары өтті

22/09/2014

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңа технологияларды сот жүйесінде қолдануға арналған оқыту семинары өтті.

Семинарға облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Балкен, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы З.Пірнияз, кеңсе басшысының орынбасары Н.Оразғалиева, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен кеңсе меңгерушілері қатысты.