Sud.gov.kz cоттардың интернет-ресурстарын дамыту – халық игілігі үшін

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұзылған немесе дау тудырған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінетін азаматтар мен олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері үшін ыңғайлы жағдай жасау үшін Жоғарғы Сот тарапынан соттардың юрисдикциясын, соның ішінде аумақтық соттылығын анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

Бұрынырақта Жоғарғы Соттың сайтына, сот органдарының байланыс орталығына және әлеуметтік желілер арқылы азаматтар сотқа құжаттар өткізуде соттардың аумақтық соттылығын анықтауда қиындыққа тап болғандығын айтып, хабарласқан болатын.  Осы ретте жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізілді және енді азаматтарға талап арыздар (өтініштер) берер алдында қай сотқа жүгіну керектігін білуге мүмкіндік береді.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін облыстық және аудандық соттардың интернет-ресурстарының басты бетінде соттың орналасқан жері, байланыс деректері, юрисдикциясы, соттардың аумақтық соттылығы, сотқа талап арыздар беру кезінде баж салығын, соттың үкімі бойынша айыппұлдарды, әкімшілік айыппұлдарды төлеу реквизиттері туралы ақпарат жарияланды.

Соттардың соттылығы бойынша азаматтар қандай да бір қателер тапқан немесе қосымша ақпаратқа ие болған жағдайда өз ескертпелерін Жоғарғы Соттағы жауапты тұлғаның 707-0189@sud.kz электронды мекен-жайына жолдай алады.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі