Архив событий

09/02/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов «150 лет судебной реформы в России» медалімен марапатталды

09/02/2016

Саратов және Батыс Қазақстан облыстық соттарының арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін Саратов облысының Судьялар одағының төрағасы А.Шепелин 2016 жылғы 2 ақпандағы қаулысымен Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметовті «150 лет судебной реформы в России» медалімен марапаттады.

Марапаттауға ұсынысты Саратов облыстық сотының төрағасы В.Тарасов берген.

Павлодар облысында заңды тұлғалар арасында медиация келісімі жасалды

09/02/2016

Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық сотында алғаш рет заңды тұлғалар арасында медиация келісімі орнатылды.

Талапкер АҚ жауапкер ЖШС-на электр қуаты үшін 21 218 264 теңге мөлшеріндегі қарызды және 12 24 505 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптар судьяның жәрдемдесуімен, медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде келісімге қол жеткізді.

Аға мемлекеттік автоинспектор пара алғаны үшін сотталды

09/02/2016

ШҚО Жарма аудандық соты мемлекеттік аға автоинспекторы М.Кәрімовке қатысты қылмыстық істі  қарады.

Сотта М.Кәрімов лауазымды тұлға бола тұра, теориялық және практикалық емтихан тапсырусыз жүргізуші куәлігін беру үшін Қалбатау тұрғынынан 10 000 теңге көлемінде пара алғандығы анықталды.  Бұрын ол көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Сот отырысында сотталушы М.Кәрімов өзінің кінәсін толығымен мойындады.