Архив событий

01/02/2016

Судьялар одағы Судьялардың әдеп қағидаттары мен мінез-құлық ережелерінің жаңа кодексін таныстырды

01/02/2016

Судьялар одағының Орталық Кеңесінің кезекті отырысында Судьялардың әдеп қағидалары мен мінез-құлық ережелері кодексінің жобасы таныстырылды.

Жобаны талқылауға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Нұржан Қаипжан, Төлебай Қожан, Орталық Кеңес мүшелері, облыстық судьялар одағы филиалының төрағалары қатысты.

Кодекстің жобасын Судьялар одағының Орталық Кеңесі әзірледі.

Маңғыстау облыстық соты 2015 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын қорытындылады

01/02/2016

Маңғыстау облыстық сотында 2015 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин, облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов, облыс судьялары, облыстық сот кеңсесінің басшысы және БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Жақсылық Аланов, кеңесте сөйлеген сөзінде облыс соттары жұмысының негізгі статистикалық көрсеткіштеріне кеңірек тоқталып өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесінің жұмысы және сот төрелігін жүзеге асырудың 2015 жылғы қорытындылары» тақырыбында брифинг өтті

01/02/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесінің жұмысы және сот төрелігін жүзеге асырудың 2015 жылғы қорытындылары» тақырыбында брифинг болып өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева және Жоғарғы Сот судьясы Бағлан Мақұлбеков қатысты.