Архив событий

24/02/2016

Әскери сот Әкімшісінің басшысы таныстырылды

24/02/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов ұжымға Әскери сот Әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесовті таныстырды.

Департамент басшысы өз сөзінде  Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы №165 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Әскери сот әкімшісі» құрылғанын айтты.

ШҚО ауылдық округі әкімі аппаратының бұрынғы маманына қатысты үкім шығарылды

24/02/2016

С.Захарова «Верхнебезовский ауылдық әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы қызметін атқарған. Оның функционалдық міндеттеріне өзге  мәселелерден  басқа, жеке тұлғалардың салық төлемдерін жинау міндеті де кірген.  

Тараз қаласының ІІБ-нің бұрынғы қызметкері алаяқтығы үшін сотталды

24/02/2016

Тараз қаласының №2 соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (алаяқтық) кінәлі деп табылған Тараз қалалық ІІБ-нің 1-ПБ-нің бұрынғы қызметкері Б.Ажибаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

2015 жылдың қараша айында Тараз қаласының тұрғыны Г.Н. Тараз қалалық ІІБ-нің 1-ПБ-нің жедел уәкілі Б.Ажибаевқа өзінің танысы А.С.-ға қатысты арызымен жүгінген. Арызда көрсетілген факті бойынша қылмыс құрамы анықталмаған. Осыған байланысты Б.Ажибаевтың алдау жолмен пайда табуға байланысты қылмыстық ойы туындаған.

Алматыда жалпы сомасы 15 600 000 теңгеден асатын мүлікті ұрлаған қарақшыларға қатысты үкім шықты

24/02/2016

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Д.Қасымов пен С.Қуандықовқа қатысты қылмыстық істі қарап, оларды азаматша З-ның пәтеріне қарақшылық шабуыл жасағандары үшін кінәлі деп таныды.

Атырау қалалық соты күзетшінің пайдасына ЖШС-ден келтірген моральдық залалды өтеу үшін 1 500 000 теңге өндірді

24/02/2016

Атырау қалалық сотына азамат М.Мадалиев «Karat-Security»  ЖШС-нен 3 000 000 теңге көлемінде моральдық залал өтемақысын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

М.Мадалиев «Karat-Security» ЖШС-де күзетші болып істеген. 2014 жылдың желтоқсан айында ол күзет бөлмесі ретінде жасақталған теміржол контейнеріне ауысымға түседі. Буржуй пешінегі заттардың тұтануы салдарынан контейнерде өрт шығып, нәтижесінде М.Мадалиев ауырлық дәрежесі әр түрлі күйік алып, үшінші топтағы мүгедек болып қалған.