Архив событий

29/02/2016

«Талдау» форумы – біркелкі сот практикасын қалыптастыру құралы

29/02/2016

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында сот билігін дамытудың, құқықтық дауларды қолжетімді әрі жылдам шешудің, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын заңнама мен сот практикасына белсенді енгізудің, ақпараттық технологияларды кеңінен қолданудың  басым бағыттары айқындалған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің интернет-ресурсында «Талдау» форумы» атты талдамалық ақпараттық жүйені іске қосты.

Аталған сервис мыналардан тұрады:

«Сот кабинеті» сервисі енді мемлекеттік органдардың әрекетіне шағым жолдауға мүмкіндік береді

29/02/2016

Қазақстандағы сот билігін дамытудың маңызды басымдықтары 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Оларға ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот  төрелігінің қолжетімдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру кіреді.

Sud.gov.kz cоттардың интернет-ресурстарын дамыту – халық игілігі үшін

29/02/2016

Бұзылған немесе дау тудырған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінетін азаматтар мен олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері үшін ыңғайлы жағдай жасау үшін Жоғарғы Сот тарапынан соттардың юрисдикциясын, соның ішінде аумақтық соттылығын анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.