Архив событий

16/02/2016

Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі мөлшердегі есірткі затын саудалағаны үшін сотталды

16/02/2016

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау) кінәлі деп танылған В.Солянниковке қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.

В.Солянников 2015 жылдың шілде айында Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан «Ақкөл» жайылымында малшы болып жүріп,  жабайы өсіп тұрған «марихуана» есірткі затын аса ірі мөлшерде орып алып, өткізу мақсатында сақтаған.