Архив событий

03/02/2016

Семей қалалық соты оқуға жұмсалған қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару туралы шешім шығарды

03/02/2016

 «Қаржы орталығы» АҚ Семей қалалық сотына А.Төкеновадан білім гранты бойынша оқуға жұмсалған 1 024 142 теңге көлеміндегі шығынды өндіру туралы  талап арызбен жүгінген.

Талапкер өз талаптарында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен ауылдық квота бойынша білім грантының иегері болған  А.Төкенованың оқуына республикалық бюджеттен 1 001 946 теңге аударылған ЖОО шығынын өтеуді көрсеткен.

Петропавл қаласының №2 соты қызметкердің бұзылған құқығын қалпына келтірді

03/02/2016

Петропавл қаласының тұрғыны Р. Сафиуллин 2002 жылғы 11 наурызда жасалған еңбек шартына сәйкес «Kazgrain Inspection» ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс істеген.

2014 жылдың аяғында ЖШС директоры Еңбек кодексінің 54- бабының 1-тармағы 6)-тармақшасының негізінде бұйрықта бір жұмыс күні ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған деп көрсетіп, Р.А. Сафиуллинді жұмыстан шығарған.