Архив событий

22/02/2016

Жаңа Еңбек кодексінің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

22/02/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Оқу орталығының бастамасымен «Еңбек дауларын келісім комиссиясы мен сотта шешудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына облыстық соттың судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық прокуратураның, еңбек инспекциясының, кәсіподақ ұйымдарының, адвокаттар алқасының және БАҚ өкілдері қатысты.

Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы өтті

22/02/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта Қайрат Мәмидің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) бірінші отырысы болып өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес инвестициялық даулар ұғымдарын анықтаудың тәсілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жаңа жобасы талқыланды.

ШҚО-да балалардың құқығын қорғайтын институттар мен мамандардың өзара іс-қимылы және кәмелетке толмағандардың пробация қызметінің мәселелері талқыланды

22/02/2016

Республиканың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары  Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері және  олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссияның «Балалардың құқығын қорғайтын институттар мен мамандардың өзара әрекеті және кәмелетке толмағандардың пробация қызметі» тақырыбында Өскемен қаласында өткізілген  кеңейтілген мәжіліске қатысты.

Семей қалалық соты футболистердің еңбек құқықтарын қалпына келтірді

22/02/2016

Семей қалалық сотына  футболистер М.Азовский, В.Ахмеев, С.Бойченко, С.Сағындықов «Спартак» МККК футбол клубынан еңбекақыны, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өсімақы мен сыйақыларды, моральдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Талапкерлер жауапкермен кәсіби футболистер ретінде еңбек келісім-шарты негізінде, сонымен қатар 2014 жылдың 30-қарашасына дейін «Спартак» футбол клубының құрамына ақылы футболшы болып қабылдану туралы келісім-шарт негізінде еңбек қатынастарында болған.

Ақмола облысы судьялары азаматтық істерді қарау сапасына қатысты мәселелерді талқылады

22/02/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанәділов облыс судьяларына арналған азаматтық істер бойынша сот практикасын талқылау және сот актілерінің сапасы туралы  семинар  өткізді.