Архив событий

04/02/2016

Қорғаныс министрлігі зардап шеккен адамға өмір бойғы ай сайығы 10 АЕК соманы төлейтін болды

04/02/2016

Талдықорған гарнизоны әскери сотына талапкер З. Құрманғалиева жауапкер  «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» мемлекеттік мекемесімен денсаулығына келтірілген зиянды және моральдық зиянды өндіру туралы  талап арызбен жүгінген.

Талапкер өз талаптарында оның 1999 жылғы қызы М.Маратқызына 2014 жылғы 18 қарашада Талдықорған қаласы бойынша әскери аурухананың бетонды қоршауы құлап, екі аяғын басып қалғанын соның салдарынан ол  сол аяғын кесіп алып тастау бойынша ота жасатуға мәжбүр болған.

Банкомат карточкасын ұрлағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан шектелді

04/02/2016

Атырау облысы Индер ауданының тұрғыны С. туысының үйіне қонаққа барып, үй иесінің шығып кеткен сәтін пайдаланып, сандықтың ішінен оның банкомат карточкасы мен пин-коды жазылған қағазды ұрлап алады. Кейін карточкадан ақшаны шығарып алып, жәбірленушіге 708 825 теңге көлемінде залал келтірген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс Атырау облыстық Индер аудандық сотында қаралды.