Архив событий

25/02/2016

Алматы облыстық сотында жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

25/02/2016

Алматы облыстық сотында облыстық және аудандық соттардың судьялары,  прокуратура, еңбек инспекциясы, адвокатура, кәсіптік одақтар, БАҚ өкілдері мен медиаторлар қатысқан дөңгелек үстелде жаңа Еңбек кодексінің нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысы ІІД медициналық қызметінің бұрынғы басшысына 16 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

25/02/2016

Маңғыстау облысы ІІД медициналық бөлімінің басшысы И. өзінің қызмет бабын пайдаланып, 2010 жылғы 27 шілдеде бекітілген №325 «Ішкі істер органдарында әскери дәрігерлік сараптама жүргізу» нұсқаулығының талаптарын бұза отырып, азамат М-ның заңсыз түрде екінші рет әскери дәрігерлік комиссиядан өтуіне жол беріп, одан пара ретінде 270 000 тенге ақша алған.

ШҚО-дағы 14 Достық үйінде медиация бойынша оқу орталықтарын ашу туралы меморандумға қол қойылды

25/02/2016

Шығыс Қазақстан облысында облыстық сот пен облыс әкімдігінің бастамасымен Судьялар Одағының ШҚО филиалы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының хатшылығы, құқық қорғау және әділет органдары, білім және денсаулық сақтау басқармалары, «Шаңырақ» медиация орталығының арасында татуластыру шаралары бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумде тараптар медиация институтын одан әрі дамыту бойынша елеулі шаралар қабылдау қажеттігігін атап көрсеткен.