Архив событий

19/02/2016

Алматы облыстық сотында тергеу әрекеттерін санкциялауда туындайтын мәселелер талқыланды

19/02/2016

Алматы облыстық сотының оқу орталығы бейнебайланыс арқылы қылмыстық сот ісін жүргізудегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.

Жамбыл облысының судьялары дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін қолдануда туындайтын мәселелерді талқылады

19/02/2016

Жамбыл облыстық сотында «Дауларды шешудегі баламалы тәсілдерді (медиация, партисипативтік рәсім) дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, адвокатура және БАҚ өкілдері қатысты.

Еңбек өтілі зейнеткерлікке шыққаннан кейін есептелді

19/02/2016

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғыны Б.Красильниковке зейнет жасына толуына байланысты 2015 жылдың желтоқсанында зейнетақы тағайындалған. Зейнетақы тағайындау туралы өтінішті қарау барысында Б.Красильниковтің серіктестікте 1993 жылдың сәуір айынан 1996 жылдың желтоқсан айы аралығында істеген мерзімі есептелмеген.