Архив событий

26/02/2016

Бас редакторлар клубының мүшелері сот жүйесінің жаңа технологиялармен танысты

26/02/2016

Бүгін Астана қалалық сотында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Е.Максюта, Департамент пен Астана қаласы кеңсесінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – БАҚ басшыларын соттардағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жұмысымен және мүмкіндіктерімен таныстыру. 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

26/02/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Білікті түлек – келешек кепілі» атты «Ашық есік күні» өтті. Оған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің және Академикалық инновациялық институттың ректорлары мен заң факультеттерінің студенттері қатысты.

Бейнебайланыс жүйесі – сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам

26/02/2016

Қазақстан судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысы атап өткендей, сотқа жүгінген адамдар өздерінің құқығын қорғауда аумақтық тұрғыдағы және ұйымдастырушылық кедергілерге тап болуға тиіс емес. «Сот төрелігіне азаматтардың кең ауқымды бөлігінің қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс қарауы хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот процестерінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн.