Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Білікті түлек – келешек кепілі» атты «Ашық есік күні» өтті. Оған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің және Академикалық инновациялық институттың ректорлары мен заң факультеттерінің студенттері қатысты.

Кездесуде облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов: «Еліміздің дамуы мен өркендеуі жастарға, білімді мамандарға және солардың қатарында білікті заңгерлерге тікелей байланысты. Жастарды тәжірибеге негізделген сапалы заң білімін алуға бағыттау – кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі» - деді. 

Жиында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов, ХГТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Қорғанбаев және әл-Фараби аудандық сотының жас судьясы Р.Жұмаділова сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде заман талабына сәйкес бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау қажеттігіне тоқталды.

 Осы іс-шараға қатысушылар «Ашық есік күні» судьялар мен студенттердің арасындағы сұхбат алаңына айналғанын ерекше атап өтті.  Кездесуге келген жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына облыстық соттың басшылары толыққанды жауап беріп, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жолдарын түсіндірді. 

 «Ашық есік күні» соныңда студенттер облыстық сот ғимаратындағы мұражай, оқу орталығы, кітапхана, сот мәжіліс залдарымен және «Төрелік» ақпараттық сервисімен танысты.

Іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен заң саласының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі