Архив событий

11/02/2016

Қостанай облысының Денисов аудандық соты жеке мүлікті заңсыз тартып алудың алдын алды

11/02/2016

Қостанай облысының Денисов аудандық соты «Норд-Трейдинг» ЖШС-нің ерлі-зайыптылар М-ға, Ресей Федерациясының азаматшасы Я-ға және «Денисов ауданы бойынша әділет басқармасы» ММ-не меншік құқығын мойындау және оның тіркелуін жою туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарады. 

Ақмола облысының судьялары сот тәжірибесі мен сот актілерінің сапасы туралы мәселелерді талқылады

11/02/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов азаматтық істерді қарау бойынша сот тәжірибесі мен сот актілерінің сапасын талқылау мақсатында облыс судьяларының қатысуымен семинар өткізді.

Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім шығарды

11/02/2016

Ақмола облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Ж.Ешхатов мемлекеттік міндетті атқаруға өкілеті тұлға бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, меншікке қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады.

Ж.Ешхатов колледж директорынан білім қызметін жүзеге асыруға лицензия беру үшін  1 000 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат жымқырды.