Архив событий

02/02/2016

Судьялар мен медиаторлар бас қосты

02/02/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» орталығында жаңадан ашылған медиация кабинетінде сотта татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші судьялар, медиаторлар мен БАҚ өкілдерінің кездесу өтті.

Кездесуде сөз сөйлеген облыстық соттың судьясы Нұрлан Биболов жаңадан қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі бойынша медиация тәртібімен татуласу рәсімдерінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.                                                                                            

Аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жөніндегі қылмыстық іс қаралды

02/02/2016

Алматы облысы Панфилов аудандық сотында «Алтынкөл» кеден бақылау бекетінің «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ы өткізу бекетінің қызметкері Қ.Уалғалиевке қатысты  үкім жарияланды. Ол А.Ибрагимовпен бірлесіп алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасаған.

Кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру - сот жүйесіндегі басымдықтардың бірі

02/02/2016

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 18-қадамын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот жүйесінің қызметкерлері мен судьяларының кәсіби деңгейін арттыру бағытындағы бірқатар іс-шараларды (курстар, тағылымдамалар, оқыту семинарлары, дәрістер, тренингілер және т.б.) жүргізуде.