Архив событий

08/02/2016

Ұлт Жоспары тұрғысындағы сот жүйесінің дамуына сарапшылық көзқарас

08/02/2016

Бүгін «Ұлт Жоспары тұрғысындағы сот жүйесінің дамуына сарапшылық көзқарас: талдау, келешегі мен ықтимал тәуекелдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.

Алматы қаласындағы бір мектеп директоры лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталды

08/02/2016

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Алматы қаласының № 195 орта білім беру мектебінің директоры А.Рсалдиеваға қатысты қаралған қылмыстық іс аяқталды.

Сот үкімімен Анар Рсалдиева Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 1-бөлігіне сәйкес (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеле отырып, мемлекеттік қызметте белгiлi бiр лауазымдарды атқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.