Архив событий

15/02/2016

Петропавл қалалық соты «Қазпошта» бөлімінің бұрынғы басшысын соттады

15/02/2016

А.С. Мұқжанова «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы аудандық бөлімшесінің бұрынғы басшысы ретінде өзінің қызмет бабын пайдаланып, салымшылардың есеп-шоттарындағы ақшалай қаражатты тапсыру туралы жалған  бухгалтерлік шығыс құжаттарын жасаумен айналысып,  ақшалай қаражатты жымқырған.

А.С.Мұқжанованың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына 6 214 028 теңге сомасында материалдық нұқсан келген.

Жамбыл облысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері пара алғандары үшін сотталды

15/02/2016

2015 жылдың қазан айында полиция қызметкерлері Ж.Битабаров пен М.Мырқалиев Қордай ауылында Қордай ауданының тұрғыны М.-ның басқаруындағы «Тойота Виндом» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жарық шамдарын жақпағаны үшін М.-нен жүргізуші куәлігін және автокөліктің техникалық төлқұжатын алып қойған.