жергілікті соттар

«Отбасылық сот» жобасын іске асыру үшін

28/05/2019

Жамбыл облыстық сотының судьясы Гүлнәр Асылбек «Отбасылық сот» жобасын іске асыруға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Мәселені талқылауға судьялар, әкімдіктердің, әділет, құқық қорғау органдарының, Билер кеңесінің өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар, «Бастау» отбасыны қолдау ресурстық жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Республиканың соттарында бірқатар кездесулер өткізілді

25/05/2019

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Билер кеңесінің мүшелерімен олардың өзара іс-қимылы, қызметін ұйымдастыру және жандандыра түсу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.

Кездесуге билер – облыс және Көкшетау кеңестерінің төрағалары Ғосман Төлеғұл мен Шияп Алиев, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-тің директоры Жабал Ерғалиев, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, Заңгерлік консультанттар  Палатасының төрағасы Бахыт Сұлтанов пен облыстық сот судьясы Роза Ертаева.

«Түнгі» және «smart» соттарды жақсарту мақсатымен

02/05/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Түнгі сот» және «Smart-сот» жобалары аясында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөніндегі жадынаманың таныстырылымы  болып өтті.

Жадынаманың үш бөлігінде  «Түнгі сот» жобасы, оны іске асыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді электрондық форматта қарау шеңберіндегі процестік әрекеттер алгоритмі  туралы айтылады.

Татуластыру рәсімдерін дамыту және еңбек дауларының алдын алу туралы

30/04/2019

Алматы қалалық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов «дөңгелек үстел» өткізді. Қатысушылар татуластыру рәсімдерін дамыту және еңбек дауларының алдын алу мәселелерін талқылады.

Талқылауға судьялар, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кірістер және әділет департаменттерінің, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері, заңгерлер мен кәсіпқой медиаторлар қатысты.

Республиканың соттары: пилоттық жобалар жұмыс үстінде

26/04/2019

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 90-нан аса судья-татуластырушылар 18 086 істі қарады, олардың ішінде 5 303 іс бойынша татуластыру рәсімдері өткізілді. Татуластырудың танымал болуы енді ғана белең алап келе жатқанын ескерсек, бұл аз емес.

Өткен тоқсанда  «Сот кабинеті» арқылы қазақстандықтар  263 мынан астам құжат жіберген. Олардың арасында 149 мың талап қою арыздары (2017 жылдың 12 айында - 885 мың) болған. Жыл басынан бері БКБ арқылы 2 064 сот отырысы өткізілді. 4 мыңнан астам материалдар  сотталғандарды этаппен жөнелтпей-ақ қаралды.

Елордалық және Тараздық судьялар құқық қолдану мәселелерін талқылады

26/04/2019

Елордалық сотта «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың проблемалық мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Оған судьялар, жергілікті полиция қызметінің, Еуропалық құқық және  адам құқығы институтының, ювеналдық полиция, дағдарыс орталығының, Еуразия психология және психотерапия институтының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тиімді «Виртуальды сот»

12/04/2019

Сот ісін жүргізуде бейне конференц байланысын қолдану уақыт пен қаражатты елеулі үнемдейді, істерді жедел қарауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Виртуальды сот процестері аумақтық кедергілерді жояды, уақытты және материалдық ресурсты үнемдейді, іс бойынша тараптардың қолайы қолжетімдігін қамтамасыз етеді. 

 

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты 2019 жылдың бірінші тоқсанында БКБ қолданумен 19 сот отырысын өткізді.

Республика соттарында медиацияны дамыту және құқықты қолдану мәселелерін талқылау жөнінде бірқатар іс-шаралар өтті

12/04/2019

Павлодар облыстық сотының  азаматтық алқа сотының төрағасы Бақытбек Бегалиев  «Қазіргі заманғы сот төрелігі, проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдары» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара «Отбасы соты» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.  Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, адвокатура, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ БКБ арқылы өңірлік судьялар қатысты.

Б.Биғалиев, баяндамасында «Отбасы соты» жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

Республика соттарында құқық қолдану мәселелері талқыланды

05/04/2019

Әскери соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Ахметжанов «дөңгелек үстел» өткізді. Осы іс-шараның жұмысына қатысушылар тұрғын үй заңнамасындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Талқылауға Қорғаныс министрлігінің, ҰҚҚ Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Бас әскери прокуратураның өкілдері қатысты.

Республика судьялары татуластыру рәсімдерін дамыту мен құқық қолдану мәселелерін талқылады

26/02/2019

Павлодар облыстық соты «Мектеп медиациясы. Алғашқы тәжірибе және оның келешегі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Осы іс-шараға 127 директор, өңірдің 58 оқу орнының тәрбие жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушілері мен психологтар қатысты.

Семинардың мақсаты - медиацияны жүргізу әдістемесін іс жүзіне асыру жолымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық прфилактикасының жаңа механизмдерін түзу болып табылады.

Беттер