Республиканың соттарында бірқатар кездесулер өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Билер кеңесінің мүшелерімен олардың өзара іс-қимылы, қызметін ұйымдастыру және жандандыра түсу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.

Кездесуге билер – облыс және Көкшетау кеңестерінің төрағалары Ғосман Төлеғұл мен Шияп Алиев, «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-тің директоры Жабал Ерғалиев, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, Заңгерлік консультанттар  Палатасының төрағасы Бахыт Сұлтанов пен облыстық сот судьясы Роза Ертаева.

Сөз сөйлей отырып, Д. Әміров облыстағы тауласу рәсімдерінің жеткілікті дамымай келе жату себептеріне тоқталып, сотқа дейінгі татуласу институтының міндеттері мен мақсаттарын түсіндіріп берді. Д. Әміров әкімдік бекіткен Билер кеңесі туралы Ереже туралы тілге тиек етті, Кеңестің төрағасын сайлау, жұмыс отырыстарын өткізу және басқа да жұмыс мәселелері жөніндегі билердің қызметін бұдан әрі ұйымдастыру бойынша ұсынымдар жасады.

Р. Ертаева «Татуласу: сотқа дейін, сотта» және «Отбасылық сот» жобалары, татуласу рәсімдерін түсіндіру және қолдану жөнінде жүргізіліп келе жатқан жұмыс, сот медиациясы порталының қызметі туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар Билер кеңесі қызметін жандандыра беру қажеттілігін атап өтті, олардың жұмыс перспективасын талқыға салды. «Билер институты өңірдегі қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және дау-жанжалшылдықты азайту жөніндегі өз миссиясын ақтап шығуға тиіс», - екендігіне Билер кеңесінің мүшелері сенімді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Азаматтық істер бойынша сараптаманың тағайындалуы мен өткізілуін ретке келтіретін заңнаманы қолдану проблемалары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.

Оның жұмысына судьялар, заңгерлік департаменттің, Сот сараптамасы институтының, кәсіпкерліктің өкілдері және жеке сот сарапшылары қатысты.

Бұл іс-шарада сөз сөйлеген Д. Әбдіғалиев  азаматтық сот ісін жүргізудің негізқұраушылық принциптерін жүзеге асыру үшін сот сараптамасын тағайындаудың ерекше маңызы бар екенін атап өтті. Сот практикасында процестік дәлелдеудің толыққандылығын қамтамасыз етуге көбінесе тараптардың немесе сот бастамасы бойынша сараптама тағайындау жолымен қол жеткізіледі.

Дәлелдеудің түрі ретінде сараптама тағайындау мәселелері бойынша облыстық сот судьясы Қымбат Манақаева сот сараптамасын тағайындау проблемалары бойынша сөз сөйлесе, Өскемен қалалық сотының судьясы Константин Журенко – сот сараптамасын тағайындау және өткізу туралы, сот сарапшысы Александр Хасис – жеке сот сарапшыларының қызметі туралы тілге тиек етті, сот-медициналық сарапшы Гүлнар Игісінова негізгі мәселелерге, молекулярлық-генетикалық сараптамаға кеңінен тоқталды.  

К. Манақаева бірінші сатыдағы соттардың істерді тоқтата тұруына облыстық сот апта сайын бақылау жасайтынын атап өтті. Оның айтуы бойынша, судьялар істердің қаралуының практикада 90 пайызы сот сараптамасының тағайындалуынан тоқтатыла тұрады. 2018 жылы және  2019 жылғы 1 тоқсанда облыстың соттары 709 сот сараптамаларын тағайындаған. Олардың 423-і соттардың бастамасы бойынша, 286-сы  – тараптардың бастамасы бойынша тағайындалған.

Талқылауды қорытындылай отырып, оған қатысушылар азаматтық істер бойынша сараптамалардың тағайындалуы мен өткізілуін реттейтін заңнаманы қолдану бойынша ұсыныстар жасады, бұл ұсыныстар  барлық мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберілетін болады.

 

Актаудағы екі соттың – қалалық және № 2 соттың жұмысымен Вашингтондағы Дүниежүзілік банктің өкілдері, мемлекеттік сектор мәселелері жөніндегі аға маманы мен Сот төрелігін институционалдық нығайту секторы жобасының (СИНСЖ) жетекшісі Валид Малик пен  Дүниежүзілік банктің институционалдық даму мәселелері жөніндегі маманы Клара Магани танысты.

Дүниежүзілік банктің  лауазымды адамдарының Маңғыстау облысы соттарына сапарының мақсаты ақпараттық технологиялардың және қазақстандық сот төрелігі жүйесіндегі   IT-жүйелерімен,  сондай-ақ сот жүйесі жұмысын ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибемен танысу болып табылатын.

Қонақтар азаматтарға қызмет көрсетудің барысымен, сот отырысы залдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуымен: аудио-, бейнежабдықтардың және БКБ-ның болуымен, электрондық сервистердің қолданылуымен, сондай-ақ судья көмекшісінің,  фронт-офистердің,  медиация кабинеттерінің және  Билер кеңесінің жұмысымен танысты. 

 
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршинов ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша Бюро Миссиясының сайлау алдындағы бақылаушылары Машу Поульсенмен және Эмиль ШакирУулумен кездесті.

Ұзақмерзімді бақылаушы Эмиль ШакирУулу сапардың мақсаты туралы ақпарат бере келіп, отметил, ДИАҚБ/ЕҚЫҰ-ның қажеттіліктерді бағалау жөніндегі Миссиясы бақылаушыларының, әдетте, елге сайлау басталғанға дейін бірнеше ай бұрын сайлау алдындағы ахуалды және сайлауға дайындықты бағалау мақсатында, сайлаумен байланысты іс-шараларды өткізудің қисындылығы туралы ұсынымдар әзірлеу үшін жіберілетінін атап өтті.

Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу мәселелері талқыланды. Бақылаушылар сайлаушылар шағымдары мен арыздарының өңір соттарында қаралуының барысын бақылап көрді.

М. Көміршинов, қонақтардың сұрақтарына жауап бере отырып, «Сайлау туралы» заңмен байланысты істердің процестік және материалдық қаралуының негізгі кезеңдерін түсіндіріп, болуы мүмкін даулдарды дер уақытында шешу жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы айтып берді, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалармен және сот жүйесін жетілдіру шеңберінде іске асырылған пилоттың жобалармен таныстырды.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі