Архив событий

16/05/2019

2019 жылғы 29 мамырда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы А.Рахметулин Қарағанды облысының тұрғындарын бейнебайланыс арқылы қабылдайды

16/05/2019

2019 жылғы 29 мамырда Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин Қарағанды облысының тұрғындарын бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қабылдайды.

А.Рахметулин қабылдау барысында республика сот органдарының сот жүйесін жаңғырту барысы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың жай-күйі туралы сұрақтарға жауап береді.

БҰҰ-ның терроризммен күрес жағдайында адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы Ф. Аолаин Жоғарғы Сотта болды

16/05/2019

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сол алқасының төрағасы Абай Рахметулин Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризммен күрес жағдайында адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы Фионнуал Ни Аолаинмен кездесті.

Пилоттық жобалар істе

16/05/2019

Павлодар облыстың сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытбек Беғалиев Ақсу ферроқорытпа зауытының  жұмыскерлерімен өткен кездесуде еңбек даулары профилактикасының мәселелерін талқылады.  

Ақтөбеде Отбасыны сақтау орталығы ашылды

16/05/2019

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешенінің ғимаратында Отбасыны сақтау орталығы ашылды. Іс-шара Ақтөбе соттарының «Отбасылық сот» пилоттық жобасын әкімдіктердің қолдауымен іске асыруы шеңберінде халықаралық отбасы күнін мерекелеуге орайластырылды.