Архив событий

24/05/2019

Қызылордада облыстық соттың жұмыс тобы аудандарға барып халыққа сот жүйесінің жаңа енгізілімдерді түсіндірді

24/05/2019

Жұмыс тобы Сырдария, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарын аралап шықты.

Жұмыс тобының құрамына Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Шыңғыс Аманқұлов және «Бітім» медиация орталығының директоры Ләззат Бақтыбаева кірді.

Ақтөбе облыстық соты 2019 жылы 200-ден астам виртуалды сот отырысын өткізді

24/05/2019

Ақтөбе облыстық соты процестерді жүргізу кезінде заманауи технологияларын белсенді қолданады. Мысалы, ағымдағы жылы өңірдің соттары «SMART соты» жобасы бойыншы 200-ден астам сот отырысын өткізді.

Сонымен, облыстық соты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарау кезінде адвокаттардың біреуі ауруханада стационарлы емдеуде жатқаны және сот отырысына келетін мүмкіндігі жоқ екендігі анықталды. Оған «TrueConf» қосымшасы арқылы ұялы телефон көмегімен сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді.

Түркістан облысының Қазығұрт аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

24/05/2019

Фронт-кеңсені салтанатты ашу рәсіміне Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков, Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев, судьялар, аудандық мәслихат, прокуратура, ішкі істер бөлімі, ардагерлер мен билер кеңестерінің өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Т.Баратбеков сот жүйесінің сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, сот рәсімдерінің қолжетімді және ашықтығына қол жеткізу, сондай-ақ соттарға сенім деңгейін арттыру  бойынша негізгі міндеттерді орындауға бағытталғанын атап көрсетті.

ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның Жоғарғы Сотында болып қайтты

24/05/2019

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева ЕҚЫҰ Миссиясы Басшысының сайлауды бақылау жөніндегі орынбасары  Горан Петровпен кездесті.

Кездесуге жоғары сот органының судьялары Мадияр Балкен және Жанна Ермағамбетова да қатысты.

Кездесу аясында сайлау науқаны кезіндегі соттардың атқаратын рөлі, сайлау процесіне қатысты арыздар мен шағымдарды қарау мерзімдері мен процесі, сондай-ақ дауыс беру күніндегі соттардың жұмыс тәртібінің мәселесі қаралды.

Заңның новеллаларын талқылау

24/05/2019

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов семинар-кеңесте жергілікті соттардың судьяларымен орындау жазбаларын санкциялау, банк қызметі және жер телімдерін алып қою мәселелерін талқылады.