Архив событий

22/05/2019

Көкшетауда қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылу мәселесі талқыланды

22/05/2019

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлі мен маңызы туралы «дөңгелек үстел» өткізді. Кездесуге қатысушылар қылмыстық сот ісін жүргізуде тіл туралы заң нормаларының қолданылуына кедергі келтіріп отырған түйткіл мәселелерді талқылады.

Қоғамдық маңызы бар осы мәселені талқылауға судьялар, прокуратураның, ҰҚҚ департаменттерінің, экономикалық тергеу қызметтерінің, полицияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның және басқа да мекемелердің өкілдері қатысты.

Түркістан облысының судьялары Ақжан Ештайды еске алуға арналған спорт жарыстарын өткізді

22/05/2019

Спорт жарыстары мини-футбол, волейбол мен стол теннисі бойынша мектеп оқушыларының арасында өткізілді.

Іс-шара судья Ақжан Ештайда еске алуға арналды. Ол өзінің қысқа, бірақ жарқын ғұмыры ішінде кәсібилігімен, адалдығымен, жанашыр дос, тағылымы мол тәлімгер ретіндегі адами қасиеттерімен баршаға танымал болған жан еді.

Іс-шараға судьялар, Ақжан Ештайдың туыстары, ауылдастары, бірге оқыған сыныптастары мен курстастары, зиялы қауымның өкілдері қатысты.

Сот тараптар арасындағы 70 миллионға жуық теңгені өндіру туралы медиациялық келісімді бекітті

22/05/2019

ЖШС 70 051 707 теңгені Т.-дан өндіру туралы талап қойып Шымкенттің Қаратау аудандық сотына жүгінді.  

Судья сот отырысында тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешуге құқығы бар екендіктерін түсіндірді. Осының нәтижесінде тараптар медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішхатты сотқа ұсынды. Оның шарты бойынша жауапкер 69 898 089 теңге берешекті жыл аяғына дейін төлеуге, ал талап қюшы қойған талабынан, оның ішінде 153 618 теңге тұрақсыздық айыбын өндіруден бас тартуға міндеттенді.