Сот тараптар арасындағы 70 миллионға жуық теңгені өндіру туралы медиациялық келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ЖШС 70 051 707 теңгені Т.-дан өндіру туралы талап қойып Шымкенттің Қаратау аудандық сотына жүгінді.  

Судья сот отырысында тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешуге құқығы бар екендіктерін түсіндірді. Осының нәтижесінде тараптар медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішхатты сотқа ұсынды. Оның шарты бойынша жауапкер 69 898 089 теңге берешекті жыл аяғына дейін төлеуге, ал талап қюшы қойған талабынан, оның ішінде 153 618 теңге тұрақсыздық айыбын өндіруден бас тартуға міндеттенді.

Талап қоюшыға 2 миллион теңгеден астам мемлекеттік баж кері қайтарылып берілді.

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі