Шымкентте қоғамдағы жанжалды төмендету үшін медиацияны дамыту бағыт алған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы сотының төрағасы Ербол Рахимбеков және Қазақстан халқының Ассамблеясы хатшылығының, Шымкент қаласының әкімі аппаратының басшысы, ҚХА филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, сондай-ақ Кәсіподақ орталығының, нотариалдық палатаның, әділет департаментінің және адвокаттар алқасының басшылары Берік Бекжанов, Гұлнар Жүнісбекова, Бахтияр Камалов және Серік Баймұратов Ынтымақтастық туралы  меморандумқа қол қойылды.

Меморандум дауларды сотқа дейін реттеу институтын, соның ішінде қоғамда жанжалдың деңгейін төмендетуге ықпал ететін медиацияны жан-жақты дамыту жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізуге бағытталған.

Е.Рахымбеков татуластыру рәсімдерін көпшілікке тарту бойныша Шымкент қаласының соты жүргізіп отырған жұмыстарға тоқтала келіп, медиацияны жанжалға қатысушылардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін дауды шешдің ең тиімді құралы екендігін айта келіп, оның артықшылықтары жөнінде сөз қозғады.

Меморандумның шеңберінде тараптар өңірде медиацияны, дауларды сотқа дейін реттеудің басқа да институттарын Достық, қоғамдық келісім кеңесі мен ардагерлер үйлерінің базасында дамытуға ықпал етуге уағдаласты. Бұл ретте отставкадағы судьялар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен медиаторлар халық арасында атқарушылық жазбаны жасау жолымен татуластыру рәсмідері мен дауларды соттан тыс реттеудің артықшылықтары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Кездесу соңында қатысушылар қойылған міндеттерді орындау үшін бірлескен іс-шаралар жоспарын, бағдарламалар әзірлеу және жұмыс топтарын құру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі