Архив событий

31/05/2019

Жоғарғы Сотта процестік қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері талқыланды

31/05/2019

«Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбы бойынша Жоғарғы Сотта бейнебайланыс арқылы республикалық деңгейде кеңес өтті.

Күн тәртібіне сәйкес жиында істерді қарау кезіндегі тіл қағидатын қолдану, мемлекеттік тілдегі сот актілерінің стандартын қалыптастыру және судьяның сот шешімдерін сапалы түсіндіру мәселелері қаралды. 

Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс өтті

31/05/2019

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қатысты.

Астанада инвестициялық сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды

31/05/2019

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева «Инвестициялық сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.

Форумды Жоғарғы Сот ABA ROLI Американдық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

22 миллион теңгеден астам дау татуласумен шешілді

31/05/2019

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бір ЖШС-ның екіншісінен берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот, тараптар арасында арнайы техниканы сату-сатып алу туралы шарт жасалғанын анықталды, оның талаптары бойынша сатушы (талапкер) жауапкердің мекенжайына тауар жеткізуге, ал сатып алушы (жауапкер) тауарды қабылдап алуға және  төлем жасауға міндеттелінген.

Семейде билер татуласу рәсімдерін өткізуге машықтанды

31/05/2019

Семейде жанжалдасушы тараптармен келіссөздер жүргізуге машықтануға арналған семинар-тренинг өтті.

Татуластыру бойынша шеберлік сабағын Халықаралық құқық қорғау орталығының жетекшісі, Қазақстан медиаторлар ассоциациясының бас директоры, кәсіби медиатор Жанділда Жақыпов өткізді.

Оның атап өткеніндей, Кеңестің барлық мүшелерінің бай өмірлік тәжірибесі бар. Дегенмен, жанжалды жағдайлардың әрқилы болатынын ескере келгенде оларға тараптарды татуластырудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет болады.