Архив событий

29/05/2019

Республика соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы жаңа нұсқаулық қолданысқа енгізілді

29/05/2019

Халықаралық байланыс және хаттама бөлімі республика соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы нұсқаулықты әзірледі және жаңа редакцияда ұсынды.

Нұсқаулық Әділет министрлігінде 2019 жылы 29 сәуірде № 18597 болып тіркелді және 08.05.2019 ж. оның интернет-ресурсына (www.adilet.gov.kz, http://zan.kz/rus/docs/V1900018597) орналастырылды.

Түркістанда облыстық сот пен жоғары оқу орнының арасындағы өзара іс-қимыл жасасу мәселелері талқыланды

29/05/2019

Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Болатбек Әбдірасыловпен кездесті.

Кездесу қатысушылары  білікті судьялар корпусын құру бөлігінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асыруға бағытталған сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға жете  тоқталды.

Іс-шарада өңірдегі соттар мен білім беру мекемелерінің өзара іс-қимыл жасасу, атап айтқанда, бірлескен білім бағдарламасы арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелері қаралды. 

Солтүстік Қазақстан облыстық соты өзінің фронт-офисін ашты

29/05/2019

Солтүстік Қазақстан облыстық соты «OpenSpace» азаматтарға қызмет көрсетудің кедергісіз приниципіне ауысты.

Сот фронт-офисі «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде халыққа заманауи қызмет көрсетудің стандарттарын есепке ала отырып ашылды.

Ақмола облыстық сотында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филиалы ашылды

29/05/2019

Ақмола облыстық соты болашақ заңгерлерді - сот жүйесінде жұмыс істейтін білікті кадрларды даярлау үшін  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесіп облыстық сотта университеттің филиалын ашты.

Осы филиалдың негізінде практикалық сабақтарды өткізу, сондай-ақ студенттер мен магистранттардың «Заңтану» мамандағы бойынша кәсіби практикадан өтуі үшін әдістемелік кабинет жұмыс істейтін болады.