Архив событий

20/05/2019

Жоғарғы Соттың қызметкерлері «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенінде болды

20/05/2019

Жоғарғы Соттың 70-ке жуық қызметкері Ақмол кентіндегі «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенінде болды.

Ызғарлы ауа райы лагерьлер үй-жайының адамның тұла бойын түршіктіріп, еңсесін басатын ахуалы мен бұрынғы тұтқындардың бүкіл қайғы-қасіретін одан сайын қоюлата түскендей.

Экскурсияға қатысушылар Елбасының бастамасымен құрылған кешеннің сәулет-дизайнымен танысты. Қасірет мемориалы арка түрінде бейнеленген, ал музейдің өзі толық бітпеген конус түрінде салынған.

Жоғарғы Сотта ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару мәселелері талқыланды

20/05/2019

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөнінегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов жергілікті соттармен жұмыс кеңесін өткізіп, онда 2019 жылдың өткен кезеңінің қорытындылары бойынша сот төрелігін атқару сапасының мәселелерін талқылады.

Кеңеске жоғары сот органының азаматтық істер жөніндегі алқасының судьялары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс  арқылы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.