Жоғарғы Соттың қызметкерлері «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенінде болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың 70-ке жуық қызметкері Ақмол кентіндегі «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенінде болды.

Ызғарлы ауа райы лагерьлер үй-жайының адамның тұла бойын түршіктіріп, еңсесін басатын ахуалы мен бұрынғы тұтқындардың бүкіл қайғы-қасіретін одан сайын қоюлата түскендей.

Экскурсияға қатысушылар Елбасының бастамасымен құрылған кешеннің сәулет-дизайнымен танысты. Қасірет мемориалы арка түрінде бейнеленген, ал музейдің өзі толық бітпеген конус түрінде салынған.

Сөз жоқ, музей қызметкерлерінің әйелдердің осы түрмеге қалай тап болғаны, олардың балаларының «аналарға арналған түрмелерде» ауыр тұрмыстық жағдайларда қалай тұрғаны туралы айтқан әңгімелері келушілердің тебірентпей қойған жоқ. Мұнда тұтқын әйелдердің сол кезеңдегі балалар үйлеріндегі ауыр жағдайдан ғайыптың күшімен аман қалған балаларының әңгімелері жеке тарау ретінде ұсынылған.

Музей кешенінің қызметкерлері лагерьде отырған бұрынғы тұтқын әйелдердің нысанды киім киген ер адамдардың алдында қандай қорқынышты күй кешкендері, олардың ұрпақтарының сол бір азапты жылдарда аман қалуы үшін қол ұшын созған қазақстандықтарға деген алғысы туралы әңгімелеп берді. 

Экскурсияның соңында оған қатысушылар «АЛЖИРдің ызғарлы суығы» деп аталатын деректі фильмді көрді. Фильмді Президенттің радиотелекешені Астана әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы түсірген болатын. Көрермендерге Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біздің өкіметіміз өз халқының басын өлімге тікті. Мұндай жағдай адамзат тарихында еш жерде болған емес!» деген жан дүниені шымырлатар дауысы ұмытылмастай әсер қалдырды. Мұндай қасіретті жағдай қайталанбауға тиіс.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі