Құжаттарға апостиль қою үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі қысқартылатын болады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасынан қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды растайтын мәліметтерді сұрату бөлігіндегі   бизнес-процесті автоматтандырды.

Бұл жаңалық апостиль қою туралы арыз беру кезінде қызмет алушыдан сұралатын құжаттар тізбесін қысқартуға мүмкіндік береді. Осы қадам «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиь қою» мемлекеттік қызметтерін көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалып отыр.

Департамент Мемлекеттік  қызметтер стандартының жобасын әзірледі, ол ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Жоба жариялы түрде талқылау барысында жеке және заңды тұлғалардан  алынған ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталатын болады.

 

Источник: 
Департаменттің жергілікті соттар мен кеңсенің қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі