Жоғарғы Сот Департаменті

Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен Ұлытау облысының соттарында болды

10/08/2022

Жоғарғы Сот Департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов Жезқазған қаласында бірқатар кездесулер өткізіп, жаңадан құрылған соттар орналастырылатын ғимараттарды аралап көрді.

Жаңа облыс орталығында жұмыс істеп тұрған 4 соттан басқа облыстық және 4 мамандандырылған – экономикалық, қылмыстық, тергеу және әкімшілік сот құрылатын болады.

Н.Байтілесов облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлымен кездесу кезінде өңір соттарына келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

19/12/2019

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті аудандық және оған теңестірілген соттардың сот приставтары үшін дәріс өткізді.

Іс-шара Сот төрелігі академиясының тыңдаушыларын қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру курстары аясында ұйымдастырылды.

Департамент мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру мәселесі бойынша семинар өткізді

14/11/2019

Департамент «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін оңтайландырды.

Қызметті алушыларға ұсынылатын құжаттарды қысқарту мақсатында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелермен кіріктіру жүзеге асырылды. Енді тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды растайтын құжаттар осы жүйелер арқылы электрондық түрде талап етіледі.

Құжаттарға апостиль қою үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі қысқартылатын болады

02/08/2019

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасынан қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды растайтын мәліметтерді сұрату бөлігіндегі   бизнес-процесті автоматтандырды.

Н.АХМЕТЗАКИРОВ: «Соттағы жоғары сервис, мәдениет пен ыңғайлылық қалыпты құбылысқа айналуы тиіс»

30/07/2019

Бұл туралы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының фронт-офисін салтанатты ашу рәсімінде айтты. 

Жақып Асанов Жоғарғы Сот Департаментінің жаңа басшысы Наиль Ахметзакировты таныстырды

21/05/2019

Жоғары сот органының төрағасы Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлеріне Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы Наиль Рафисұлы Ахметзакировты таныстырды. Бұрынырақта ол Бас прокуратурада әр түрлі лауазымдарды атқарған, ал 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.

Жоғарғы Соттың қызметкерлері «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенінде болды

20/05/2019

Жоғарғы Соттың 70-ке жуық қызметкері Ақмол кентіндегі «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенінде болды.

Ызғарлы ауа райы лагерьлер үй-жайының адамның тұла бойын түршіктіріп, еңсесін басатын ахуалы мен бұрынғы тұтқындардың бүкіл қайғы-қасіретін одан сайын қоюлата түскендей.

Экскурсияға қатысушылар Елбасының бастамасымен құрылған кешеннің сәулет-дизайнымен танысты. Қасірет мемориалы арка түрінде бейнеленген, ал музейдің өзі толық бітпеген конус түрінде салынған.

Жоғарғы Сот апостиль қоюға құжаттарды беру процессін автоматтандырады

11/03/2019

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген түзетулерге сәйкес «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін сонымен бірге электрондық нысанда көрсету қарастырылған.

 Апостиль қоюға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына тиісті түзетулер әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге ұсынылды.

Жоғарғы Сот ведомстволық статистиканы жүргізу мәселелері бойынша семинар өткізді

30/11/2018

Бейнеконференцбайланыс арқылы оқуға статистикалық есептерді құруға жауапты жергілікті соттар кеңселерінің қызметкерлері қатысты. Олар электронды ақпараттық есептік құжаттарды құру және ведомстволық статистиканы жүргізу мәселелерін талқылады.

Жоғарғы Сот қызметкерлері «Деректер туралы ғылымға кіріспе» семинарында білім алды

02/11/2018

Оқытуды «BeCloud» консалтингтік IT-компаниясының директоры, Big data, әртүрлі салалардағы қызметті математикалық үлгілеу  мәселелері бойынша техникалық жобалар жетекшісі Айнұр Сидельковская өткізді.

Беттер