Архив событий

12/08/2016

Депутат Мажилиса Парламента С.Имашева посетила один из судов Западно-Казахстанской области

12/08/2016

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі С. Имашева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан  облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотында болды.
Кездесу барысында С. Имашева соттың судьялары және мамандарымен Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы туралы айтып, соттың қызметімен танысты. Сот мәжіліс залдарының бейне және таспа қондырғыларымен жабдықталуына, ендірілген ақпараттық технологияларға аса назар аударып, азаматтық істерді қарау кезінде жаңа азаматтық процессуалдық кодексімен жұмыс істеудің тиімділігі туралы талқылады.

Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

12/08/2016

   Қарағанды гарнизоны әскери сотының төрағасы Қ. Байжанов  92835 әскери бөлімде болып, оның жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында төраға әскери қызметшілерді әскери соттың жұмысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, сотта қаралған әскерилерге қатысты азаматтық, қылмыстық істерді саралап, жиналғандарға олардың ерекшеліктерін түсіндірді.
    Сонымен бірге, қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіруге байланысты заңның сот тәжірибесінде қолданылуына шолу жасады.

Ақтау қаласы №2 сотының шешімімен қызметкер бұрынғы вице-президент лауазымына қайта тағайындалды

12/08/2016

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотына «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ-на уәкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату, еңбек шартын бұзу, еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп танып, оның күшін жою, бұрынғы Вице-президент лауазымына қайта тағайындап, мәжбүрлі жұмыстан қалған кезені үшін жалақысын өндіру туралы директорлар кеңесін заңсыз деп танып, оның күшін жою туралы талабымен М.Сақтағанов жүгінген.

Қызылорда облыстық сотында қызметтік этиканы талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті

12/08/2016

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметін жүзеге асыруда қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы М.Абтикерованың қатысуымен өткізілді.

Астанада сот жұмыскерден материалдық залалды өндірді

12/08/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты SANTEHPLAST  ЖШС-нің К-ға қатысты материалдық залалды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
Сот жауапкер К-нің SANTEHPLAST ЖШС-де еңбек шарты негізінде қойма меңгерушісі лауазымында жұмыс істегенін анықтады.
2015 жылғы 28 қаңтарда тауарларды түгендеу жүргізілген кезде, материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталған.
Қызметтік тексеріс барысында жетіспеушілік қоймадағы тауарды өз бетінше сату нәтижесінде туындағаны анықталған.