Архив событий

16/08/2016

Өсекеменде ЖШС мен АҚ арасындағы дау медиация тәртібімен реттелді

16/08/2016

 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  «ВостокТехноКузет» ЖШС-і «Востокмашзавод» АҚ-ға жасалған келісім-шарт және оған қосымша шарт бойынша 13 369 711 теңге сомасындағы қарызды, 326 387 теңге көлеміндегі өсімпұлды, 209 177 теңге көлеміндегі тапсырысты қамтамасыз етуді қайтару, сонымен қатар, 439 973 теңге сомада төленген мемлекеттік бажға байланысты сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотына Томск облыстық сотының алқа төрағасы И. Ахвердиева қонаққа келді

16/08/2016

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының төрағасы Ресей Федерациясының Томск облыстық сотының әкімшілік сот алқасының төрайымы И.Ахвердиевамен кездесті.
И. Ахвердиева - Қордай ауданының тумасы, студенттік шағында тәжірибеден өткен Қордай аудандық сотына барып қайтуды ұйғарғанын көрсетті.
Кездесу барысында И. Ахвердиева өз тәжірибесімен бөлісіп, Ресей Федерациясының сот жүйесі жайында айтты.

Қостанай облыстық соты мұғалімнен білім гранты бойынша шығынды өндіріп алу туралы сот шешімін жойды

16/08/2016

Қостанай облыстық соты «Қаржылық орталық» АҚ-ның білім гранты бойынша шығынды өндіру шағымын қанағаттандыру туралы қалалық сот шешімін жоюды және іс бойынша басқа шешім шығаруды сұраған Г.Дүзенованың шағымы бойынша азаматтық істі қарады.