Архив событий

17/08/2016

Жоғарғы Сотта Павлодар облысы соттарының тексеру қорытындысы талқыланды

17/08/2016

Қайрат Мәми Павлодар облысының 2015 жылғы қорытындысы мен 2016 жылғы бірінші тоқсанының сот төрелігі мен соттар қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жағдайын кешенді тексеру қорытындысын талқылау бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Төралқасының отырысын өткізді.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыровтың және Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұловтың ақпараттары тыңдалды.

Қарағанды облысы соттарының мерзімді кәсіби қызметін бағалау бойынша ақпарат

17/08/2016

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы 2016 жылдың 8-12 тамызы аралығында Қарағанды облыстық соттары судьяларын мерзімді кәсіби қызметін бағалаудан өткізді.

Кәсіби қызметі бағаланатын судьяларға, еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта болатын судьялар кіреді.

Семейде сот баланың орта білімді тегін алуы туралы конституциялық құқығының бұзылғандығы жөніндегі факт анықтады

17/08/2016

Семей қаласының ювеналды сотының қаулысымен Е.Дьяченко ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі (ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша кінәлі деп танылып, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырауда жалған терроршы екі жыл алты ай мерзімге сотталды

17/08/2016

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғаны Ж.Темірбаев Атырау қалалық жедел бөлімше басқармасына 102 нөмірі арқылы қоңырау шалып, Атырау қаласының темір жол вокзалына бомба қойылатыны туралы хабар берген. Аталған хабар бойынша облыстың барлық құқық қорғау бөлімдері жұмылдырылған. Алайда жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде хабардың жалған екені анықталды.

Сот отырысы барысында сотталушы өз әрекетіне өкініп, қала прокурорымен кінәні мойындау түріндегі процестік келісім жасасты.

Астана судьялары іс қарау барысында адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияның практикада қолданылуын талқылады

17/08/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында судьялар арасында адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияны талдау бойынша дәріс сабағы өтті.