Архив событий

29/08/2016

Жоғарғы Сот судьясы Д.Шипп инвесторлар салымдарының қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелге» қатысты

29/08/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының судьясы Денис Шипп Инвестициялар және даму министрлігі инвесторлар салымдарының қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелге» қатысып, сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаирова, «Дойче Банк АГ» қазақстандық өкілдігінің басшысы У.Вокурка, Нидерланды және Бельгия корольдіктерінің елшілері, дипломатиялық қызмет, іскерлік ортта мен шетелдік инвесторлардың бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Республика соттары Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиындар өткізді

29/08/2016

Республика соттары Конституция күнін мерекелеуге арналған бірқатар салтанатты жиындар өткізді.

Ақтөбе облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынның ашылу рәсімі Ұлттық ұлан офицерлерімен Мемлекеттік Туды кіргізу салтанатынан бастау алды.

Астананың әкімшілік сотында әкімшілік сот ісін жүргізудің оңтайландыру жобасы іске қосылды

29/08/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында әкімшілік істер бойынша қаулылардың электронды нұсқасын сақтандыру компанияларына ұсыну мәселелеріне қатысты баспасөз мәжілісі өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Әбдіқадыров Батыс Қазақстан облыстық сотында жұмыс кеңесін өткізді

29/08/2016

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров Батыс Қазақстан облыстық сотында болып, мамандандырылған соттардың, облыс орталығына жақын орналасқан кейбір аудандық соттардың судьялары мен төрағаларының қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Қайрат Елібаев қатысты.