Архив событий

25/08/2016

Жамбыл облыстық сотының төрағасы өңір тұрғындары үшін интернет-конференция өткізді

25/08/2016

Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды.

Осылайша, облыстың кез-келген тұрғыны сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облыстық сотының сайтында төраға блогындағы «сұрақ-жауап» платформасына соттар жұмысына, сот ісін жүргізу, сот әділдігін орнату, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Ертаевтың судьялармен кездесуі өтті

25/08/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, генерал-лейтенант, «Халық қаһарманы» Бақытжан Ертаев өңір судьяларымен кездесті.

Кездесу барысында Елбасының «100 нақты қадам – баршаға арналған заманауи мемлекет» Ұлт Жоспары шеңберінде қазақстандық сот жүйесінің алдына қойған міндеттердің іс жүзінде орындалу барысы, сот жүйесіне енгізілген жаңа электронды ақпараттық технологиялар туралы әңгіме өрбіді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық сотында жаңа судьяны таныстыру рәсімі өтті

25/08/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев аудандық соттың ұжымына жаңа судьяны таныстырды.

М.Нағашыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» №307 Жарлығымен Серік Мыңбаев  Бөрлі аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалғанын хабарлады.

Ақмола облысында жаңа тағайындалған судьялар таныстырылды

25/08/2016

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Жанәділов жаңадан тағайындалған судьяларды ұжымға таныстырды.

«Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Президент Жарлығымен Аршалы аудандық сотына – Ержан Күмісбеков, Атбасар аудандық сотына – Қаламқас Қазизова және Көкшетау қалалық сотына – Дидар Байниязов судья лауазымына тағайындалды.