Ақмола облысында жаңа тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Жанәділов жаңадан тағайындалған судьяларды ұжымға таныстырды.

«Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Президент Жарлығымен Аршалы аудандық сотына – Ержан Күмісбеков, Атбасар аудандық сотына – Қаламқас Қазизова және Көкшетау қалалық сотына – Дидар Байниязов судья лауазымына тағайындалды.

Е.Жанәділов судьялар қауымдастығына жаңадан тағайындалған судьялардың өмірбаянын және олардың атқарған еңбек жолдарын таныстырып, оларға сот төрелігін жүзеге асыруға табыс тіледі. Ол жас судьяларға өз мiндеттерiн адал және абыройлы атқару, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыру бойынша бағыт-бағдар берді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі